2 - ауысымдағы «Гүлдәурен» атты мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 19-маусым
күнгі атқарылған жұмыстары туралы мәлімет.
19-маусым күнінің тақырыбы: «ЭКСПО – 2017: Болашақ энергиясы»
Мақсаты: 1.Еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы жайлы түсінік беру.
2. ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? (пікір – талас) жүргізу.
3.ЭКСПО жасыл технологиясы» сурет сайысын өткізу.
«ЭКСПО – 2017: Болашақ энергиясы» тақырыбы төңірегінде оқушыларға мәлімет бере отырып, ЭКСПО туралы бейне роликтер көрсетіліп таныстырылды.
«ЭКСПО жайлы не білеміз?» сұрағы аясында пікір – талас ұйымдастырылып, балалар өз білгендерін ортаға салды. «ЭКСПО жасыл технологиясы» тақырыбында сурет сайысы өтті. Мұнда Нығмет Дарина, Юлдашбаев Арлан, Хадырберді Айнұрдың салған суреттері өте тамаша деп бағаланды. Балалар 1,2,3-орындарды өзара бөлісті.
Балаларды зейінділікке, алғырлыққа баулу мақсатында «Не жоғалды?» ойыны жүргізіліп, балалар білімі сарапқа салынды.Мұнда Юлдашбаева Мунира, Хуат Ақмарал, Жанболат Жансая, Жаңбырбаева Малика өз білімдерімен көзге түсті. Соңында аудан орталығындағы саябаққа барып, түрлі ойындар ойнап көңілді дем алдық.
ЭКСПО жайлы бейнероликтер арқылы таныстырылуы
Түскі ас сәті
Саябақтағы демалыс
Тәрбиешілер: Тангатарова Т. Т., Есимсейтова Г. Қ.