21-маусым күнгі атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
2 - ауысымдағы «Гүлдәурен» атты мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 21-маусым күнінің тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары мен әндері»
Мақсаты:
1.Ұлттық ойындар түрлері, ойын ережелері туралы мәлімет беру.
2.Ұлттық әндер, олардың орындаушылары жайлы мәлімет беру.
Ұлттық ойын ойнаудан, ән орындаудан сайыс өткізу.
Балалармен біргелікте таңғы бой жазу жаттығуларын жасап, Қазақтың ұлттық ойындарын ойнадық.
«Арқан тартыс», «Асық», «Асау мәстек» ойындары бойынша балалар ортасында топ бойынша жарыс ұйымдастырылды.
«Кім жылдам?» ойынында қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті.
Туған өлке тарихымен таныстыру мақсатында аудан мұражайына саяхат жасадық.
Аудандық мұражай меңгерушісі Раиса Кабдаулетовна, балаларды мұражай жәдігерлеріне жеке-жеке тоқталып, тұрмыста қай кезде пайдаланылғаны, не үшін қолданылғаны туралы толық мағлұмат берді. Балалар сондай-ақ ауданымыздың зиялы азаматтарының, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің есімдерімен де танысты.
Қазақтың ұлттық әндерін орындау бойынша балалар арасында «Сағындырған әндер-ай» байқауы болды. Байқауға өнерлі балалар қатысты. Жеңімпаздар мадақтама қағазымен марапатталды.
Тәрбиешілер: Тангатарова Т. Т., Есимсейтова Г. Қ.