3 ауысымдағы «Гүлдәурен» атты мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 29 маусым күнгі атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.
29 маусым күнінің тақырыбы «Абайла,балақай!»
Мақсаты: балаларға көшеде жүру ережесін түсіндіру; қауіпсіздік ережелермен таныстыру; көшеде өзін өзі ұстау мәдениетін білу;
Күн тәртібінде:
Оқушыларды қабылдау.
Бой жазу жаттығулары.
« Кел,танысайық!» ойыны.
Қауіпсіздік ережелерімен танысу.
Оқушылармен жолда жүру,өзін өзі ұстау мәдениеті жайлы әңгіме жүргіздік.Оқушылар өз ойларын ашық жеткізе білді.
Суреттер арқылы жол ережесін бұзған балалардың іс әрекеттерін талқылады,пікірлерін айтты.
Көңілді жарыстар.
Эстафеталық ойындар, «Қызыл ту», «Жасырынбақ» , «Мысық пен тышқан»ойындарын ойнадық.
Ас-адамның арқауы. Түскі ас.