Тақырыбы:
«Ертегілер әлеміне саяхат»
Мақсаты:
23-маусым күнгі атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
1.Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Ой-өрісін дамыту.
2.Кейіпкерлерге мінездеме бергізу арқылы мейірімділікке, достыққа, ұйымшылдыққа баулу. Озбырлықтан бойларын алыс ұстауға жетелеу.
Балалармен біргелікте таңертеңгілік сергіту жаттығуларын жасап, психологиялық тренинг өткіздік.
Ертегілер әлемінде тақырыбы бойынша балалармен ертегі кітаптарынан ертегілер оқып, әңгімеледік. Балалар ертегі кейіпкерлерін атай келе өзідеріне ұнаған кейіпкерлер мен ұнамаған кейіпкерлерге мінездеме берді.
Балалар өздеріне ұнаған ертегілерді сахналап көрсетті.
Балалардың таңғы жаттығу жасау сәті
Сахналаған ертегі кейіпкерлері
Тәрбиешілер: Есимсейтова Г. Қ., Тангатарова Т. Т.