26-маусым күнгі атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
2 -ауысымдағы «Гүлдәурен» атты мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 26-маусым күнінің тақырыбы: «Табиғат – алтын бесік»
Мақсаты:
1.Балаларды табиғатты, қоршаған ортаны таза ұстауға, қорғауға баулу.
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балаларды қабылдап, таңертеңгі саптық жаттығуларын жасадық.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында балалармен әңгіме өткізіп, табиғатты қорғау бойынша пікірлестік.
Мектеп ауласында спорттық ойындар ұйымдастырып, жарыс өткіздік.
Табиғат аясына саяхат жасау мақсатында «алма бағына» барып, көңілді дем алдық. Мұнда бақтың, алма ағаштарының пайдасы, олардың күтімі жөнінде әңгімеледік.
Балалар бақта жинаған гүлдерден дизайн жасады.
Балалардың спорттық ойындар ойнау сәті
Гүлдерден дезайн жасау сәттері
Табиғат аясындағы көңілді демалыс
Тәрбиешілер: Тангатарова Т. Т., Есимсейтова Г. Қ.