«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27-маусым күнгі атқарылған жұмыстар туралы ақпарат. Тақырыбы: «Экскурсия күні»

30.06.2017

27-маусым  күнгі атқарылған жұмыстар  туралы ақпарат.

Тақырыбы:  «Экскурсия  күні»

Мақсаты:

1.Балаларды  табиғатты, қоршаған ортаны  таза ұстауға, қорғауға баулу. Табиғатқа деген  сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.Балаларды білімге, ізденуге жетелеу, әсемдікке тәрбиелеу. Балаларды қабылдап,  таңертеңгі саптық  жаттығуларын жасадық.

Мұнан соң  балалармен  «Мен қандай баламын?»  тренингін  өткіздік.

Бұл тренингте  «Күн» және  «Бұлт»  суреттерін таңдап,  таңдаған затының  суреті  қасына тұрады.  Неліктен Күнді не

Бұлтты таңдағанын  түсіндіреді.

Яғни өзін не себепті Күнге  теңеді?  Немесе Бұлтқа теңеді? (Әр бала өзіне мінездеме береді)

«Ару қала  - Астана» бейнеролик көрсету  арқылы  Астана қаласына  саяхат жасап, көрікті жерлерімен таныстық.

Аудандық кітапханаға саяхат жасап, ол жерде жұмыс істейтін кісілермен, олардың атқаратын қызметтерімен таныстық. Әр түрлі жанрдағы кітаптармен таныстық. Біз балалар әдебиеті бойынша кітаптар оқып,

«Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында пікірлестік.

                                       Тренинг. «Мен қандай баламын?»

     «Менің сүйікті кейіпкерім» оқыған кітаптары жайлы пікірлесу сәттері

      Тәрбиешілер:  Есимсейтова Г. Қ., Тангатарова Т. Т. 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст