2 - ауысымдағы «Гүлдәурен» атты мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің 28-маусым күнгі атқарылған жұмыстары туралы мәлімет.
28-маусым күнінің тақырыбы: «Қызықты демалыс»
Мақсаты:
1. Балаларды өнерге баулу, шығармашылығын дамыту.
Әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
2.Балаларды білімге, ізденуге жетелеу, әсемдікке тәрбиелеу.
Балаларды қабылдап, таңертеңгілік жаттығуларын жасадық.
Мұнан соң балалармен психологиялық тренингін өткіздік.
Балаларды білімге, ізденуге жетелеу мақсатында «Әдеби – музыкалық қонақ үй» шарасын өткіздік. Мұнда балалар тақпақ, өлең жырларды мәнерлеп оқыды. Өздері жаттаған тақпақтарын жатқа оқыды. Жұмбақ жасырып, жаңылтпаштар айтты.
«Қош бол, менің лагерім!» тақырыбында 2- кезеңнің жабылу салтанатын өткіздік. Балалар кеште өз өнерлерін ортаға салып, көңілді дем алды.
Таңғы жаттығулар
«Қош бол, менің лагерім!» лагердің жабылуы
Тәрбиешілер: Тангатарова Т. Т., Есимсейтова Г. Қ.