7-шілде күнгі жұмыс жайлы ақпарат.7-шілде күнінің тақырыбы:
«Кітап-біздің досымыз».
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу. Оқушының білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын
арттыру, кітаппен достастыру.
Бүгінгі күннің қызығы балармен аудандық кітапханаға бардық.Оқушылар өздерінің оқыған сүйікті кітаптары, кейіпкерлері жайлы әңгімеледі . Оқыған кейіпкерлерінің жақсы мен жаман қылықтарын,мінездерін талқыға салды Аудан кітапханашысы Күляш апаймен кездестіқ. Апай балаларға жаңадан келген әдеби кітаптар жайлы, кітаптың адам өміріндегі маңызы жайлы айтты.Балаларды қітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында викториналық ойын өткізді.