10-шілде күнгі жұмыс жайлы ақпарат.
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»
Күн тәртібі:
1.Оқушыларды қабылдау.
2.Саптық жаттығулар.
3.Табиғат аясына сахат.
4.Қазақтың ұлттық ойындары.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.Қазақтың ұлттық ойындары жайлы не білетіндерін балалардан сұрақ –жауап арқылы біліп алдық.Балалардың сүйіп ойнайтын ойындарынын бірі
«Тоғызқұмалақ, Бес асық, Орамал тастау» . Ойын ойнап,ойын ойнаудың тәсілдерімен танысып, көтеріңкі көңіл күймен тарқадық.