Астрахан № 1 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының 1 тамыз -30 қыркүйек аралығында " Мектепке жол " республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Іс-шараның жоспары қурылды
2017 жылдың 1тамыздан 30 қыркүйек аралығында мектебіміз бойынша жалпы республикалық
«Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді.
Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан
оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.
Ауыл тұрғындарының назарына көшелерге хабарландырулар ілінді.