Текст
Қарттар күніне орай « Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген тақырыпта әжелер сайысы өтті. Бұл сайысқа бастауыш сыныптың әжелері қатысты. Сайыстың мақсаты жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу, ақыл кеңесінен, тәлім тәрбиесінен ғибрат алу. Сайыс бес кезеңнен өтті. Әжелер өздерін таныстырып, салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Әнді тыңдай, әншіні де таба білді. Ою ойып, өнерлерімен, бата беріп бірінен – бірі ерекшеленді. Сайыстың соңында әжелерімізді дипломдар мен сыйлықтармен марапаттадық.