«The USA» - «Тілдер мерекесіне» арналған сыныптан тыс іс-шара
Бұл іс-шара тоқушылардың тілдік байлығы дамыту мен өлкетану танымын кеңейту мақсатында өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды АҚШ штадтары мен АҚШ климатының әр түрлілігімен таныстыру, сонымен қатар өлкетануға байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
Сыныптан тыс іс-шарада барлық 8 сынып пен сарапшы ретінде география пән мұғалімі Өмірзақ Е.Қ. қатысты. Іс-шара барысында оқушылар белсеңді қатысып, берілген сұрақтарға жауап берді. Іс-шарада Блум таксономиясы штадтарды талқылауда қолданылды.
Оқушылар 3 штадқа (Лас-Вегас, Юта Вашингтон) бөлініп, жарысты. Іс-шарада оқушылар интербелсеңді тақта, интернет желісімен, сөздіктермен және ноутбукпен қолданды. АҚШ климатын сұрақ-жауап ретінде өткізгенде «ыстық орындық» әдісі қолданылды. Сонымен қатар әлемдік политикалық карта қолданылды. Сарапшы барлық топтарға тең баға берді. Үш топтың ішінен «Юта штаты» ерекше белсенділік танытты. Іс – шара соңында рефлексия жасалып, штадтарды тағы бір қайталап шықтық.