«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017- 2018 оқу жылында Астрахан №1 орта мектебінде Қазақстан Республикасының «Тілдер» мерекесіне арналып өткізілген онкүндік іс-шаралар есебі

02.10.2017

2017- 2018 оқу жылында          Астрахан №1 орта мектебінде

Қазақстан Республикасының  «Тілдер» мерекесіне арналып өткізілген

онкүндік      іс-шаралар есебі

2017- 2018 оқу жылының  12- 22 қыркүйек аралығында Астрахан № 1 орта мектебінде Қазақста Республикасы «Тілдер» мерекесіне   арналған онкүндік өтті. Мерекелік шараға пән мұғалімдері бір кісідей атсалысты. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері сыныптан тыс іс шаралар ұйымдастырды. Атап айтатын болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К. Ж. Асқарова 5- сынып оқушыларымен онкүндіктің салтанатты ашылуын үш тілде тартымды етіп ашып берді. Онкүндіктің келесі күні ағылшын пәнінің мұғалімі Ж. К. Жусупова  9,10, 11- сынып арасында «Тіл білгірі» атты конкурс өткізді. Конкурс барысында командаларға алты тапсырма беріліп, команда мүшелері тапсырмаларды тез орындап, ағылшын тілінен өз білімдерін көрсете білді. Сайыс қорытындысында  І орынды- 9 «а» сыныбы, ІІ орынды- 11 сынып, ІІІ орынды-10 сынып оқушылары иеленді. Сайыс оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, көңілді де қызықты өтті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Е. Құттыбаева 11- сыныптар арасында Путешествие в страну «Лексики»  атты интеллектуальды ойын өткізді. Ойынға екі команда қатысты да, қалған оқушылар жанкүйерлер болды. Жанкүйерлер де ойынға белсене қатысып, әр түрлі конкурстарда команда мүшелерінің білмеген сұрақтарына жауаптар беріп отырып, командаларына ұпайлар әперіп отырды. Конкурс ұпайларын санау барысында «Знатоки»  командасы жеңімпаз атанды. Көрермендер мен жанкүйерлер команданың ең ақылды мүшесін де анықтады. Ол –Муканова Сабина болды. Белсене қатысқан жанкүйерлер сыйлықсыз қалмады. Б.Е. Құттыбаева өткізген ойын тартымды да, қызықты да, сондай- ақ оқушылардың сөздік  қорының молаюына көп әсерін тигізді деп ойлаймын. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Б.Т. Кусаинова 9 және 10 сынып оқушылары арасында «День языков» атты сайыс өткізді. Сайыс барысында оқушылардың үш тілдегі білім сапасын және Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт –дәстүр, әдет- ғұрыптарынан қаншалықты хабардар екендігін тексеруге, білуге, дамытуға арналған конкурстар өткізілді. Сайыста 10-сынып оқушылары І орынға, ал 9 «а»- сынып оқушылары ІІ орынды иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Т. Муканова   4-сынып оқушыларынан құралған «Пингвины» және «220Вольт» атты командаларымен  «Язык- ключ к душе народа»  атты лингвистикалық турнир өткізді.  Оқушылар назарына Ксакфа және Эзоп философтардың қатысуымен тіл туралы мысал- көрінісі қойылды. Шара барысында оқушылар шарадалар мен ребустар шешіп, өз білімдерін толықтырды. Турнирге қатысқан оқушылар І, ІІ орындарды өзара бөлісіп, шағын концертпен аяқтады.

Елтану «Америка»  сыныптан тыс іс шарасын ағылшын пәнінің мұғалімі С.Ж. Баймұқанова өткізді.Бұл іс шара оқушылардың тілдік байлығын дамыту мен өлкетану танымын кеңейту мақсатында өткізілді. Мақсаты: оқушыларды АҚШ штаттары мен АҚШ климатының әр түрлілігімен таныстыру, сонымен қатар өлкетануға байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Сыныптан тыс іс-шарада барлық 8 сынып пен сарапшы ретінде география пән мұғалімі Өмірзақ Е.Қ. қатысты. Іс-шара барысында оқушылар белсеңді қатысып, берілген сұрақтарға жауап берді. Іс-шарада «Блум таксономиясы» штаттарды талқылауда қолданылды. Оқушылар 3 штатқа (Лас-Вегас, Юта Вашингтон) бөлініп, жарысты. Іс-шарада оқушылар интербелсеңді тақта, интернет желісі, сөздіктер және  әлемдік политикалық карта қолданды.  Сайысты қорытындылай келе сарапшылар барлық топтарға тең баға берді. Үш топтың ішінен «Юта штаты» ерекше белсенділік танытты.

2-4 сынып оқушылары « Жасай бер,  қазақ тілі, ана тілім! » атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.  

Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйретіп,  тіл тазалығын сақтап, мәдениетті сөйлеуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру  

  Сайыс барысында оқушылардың оқу мәнеріне, сахна әдебіне , өзін -өзі ұстауына  т.б. да талаптар қойылды .Сайыс соңында жүлдегерлер анықталып марапатталды 1-орынды  2  «а» сынып оқушысы Арбашева Қазына ,

2-орын   3 «ә» сынып оқушысы Жүмагалиева Жанерке, 3-орынды 2 «ә» сынып оқушысы Абдибек Мейірбек, 4 «а,ә»сынып оқушылары  Қайролла Ақниет, Шекерова Айман. Сайыс барысында 4»а» сынып қыздарының орындауында қазақ биі, Бодышева Ақниеттің орындауында  «Ана тілі» әні шырқалып, сайыс соңында көрермендермен «Жалғасын тап» мақал-мәтел жарысы ұйымдастырылды.

Іс- шара барысында үш тілде «Ана тілім – айбыным» атты шығармалар байқауында 10-сынып оқушылары Қамарадин Жақсылықтың (ағылшынша), Итемген Анаргүлдің (ана тілінде),  9- сынып оқушысы Оспанова Гулвираның (ана тілінде) жазған шығармалары үздік деп танылды.

Ахыт   Еркегүлдің 10,11- сыныптармен өткізген «Ұлттың ұлт болып қалуы тілінен» атты диспуты да  жоғары дәрежеде өткізіліп, оқушылардың туған тілге деген сезімдерінің нығаюына әсер етті.

Онкүндіктің жабылу салтанатында іс-шаралар барысына қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларға алғыс айтылып, марапатталды. Оқушыларға ана тілін құрметтеп, ана тілінде сөйлеу қажеттілігі ескертілді.

 

         «Қазақ тілі мен әдебиеті   және тарих пәндері мұғалімдері»  бірлестігінің жетекшісі   С.Қ.Кагенов

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст