«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығармашылық есеп

23.11.2017

Шығармашылық есеп

         Мен, Келденбек Хуанган, 2008 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, Астрахан

№1 орта мектебінде еңбек жолын бастадым. Осы мектепте 2008 жылдан бері үзіліссіз жұмыс істеп келемін. Жалпы еңбек өтілім 9 жыл.

  Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ десек, математика және информатика пәнінің

мұғалімі болып, сол пәнді үйретуде төмендегі қағидаларды үнемі басшылыққа алып отырамын:

1.                    Математиканы оқытқанда, оқушыға математика, алгебра, геометрияның өзара байланысы түсінікті болу керек;

2.                    Күнделікті өмірде математиканың рөлі;

3.                    Оқушыларды ойлауға баулу, ойлана білуге үйрету;

4.                    Оқушының қызығушылығын арттыру.

Мұғалім, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар

едім. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы

педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және

әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзу ашу арқылы биік мақсаттарға

жетелеу. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп,

бағалаған. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқаны

белгілі.

    Математика пәнінің мұғалімі ретінде алдыма қойған мақсатым:оқушының сыни тұрғыдан ойлау

қабілетін дамытып, өздігінен  жұмыс

істеуге баулу. Өзін-өзі дамыта білетін, рухани адамгершілігі мол тұлға

қалыптастыру.Осы мақсатымды іске  асыру

барысында әр сабақты шығармашылықпен ұйымдастырамын. Сабақ барысында жаңа

технологияларды қолданып, оқушылардың өздігімен 

жұмыс істеу, өз ойларын еркін айтуына жағдай жасаймын.

2014-2015 оқужылында «Тоғызқұмалақ қойшылар алгебрасы» атты кітапша шығардым.

2015-2016 оқужылында 11 -сынып оқушысы Абдурахманов Нуржан  аудандық олимпиядадан ІІІ орын алды.

2016-2017 оқу жылында 8-сынып оқушысы Арбашев

Жандос аудандық КИТ технологиялар сайысында ІІІ орын алды.

2016-2017 оқу жылында аудандық «Үздік сабақ

жоспары» сайысына қатысып ІІ орынды иелендім.

Жыл сайын апталықта өткізілген үздік сабақтарын әзірлемесін интернет порталындағы мектеп  сайтына «Квадрат

үшмүшені көбейткіштерге жіктеу», «Жас информатиктер», «Windows және терезелер» сабақ жоспарлары  презентациясымен мектеп сайтында жарияланған.

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст