«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017жыл 29қарашасындаАстрахан №1орта мектебінде даярлық 0 «ә»тобымен «Елін сүйген –Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

30.11.2017

2017жыл 29қарашасындаАстрахан №1орта мектебінде даярлық 0 «ә»тобымен  «Елін сүйген –Елбасы» атты ашық  тәрбие сағаты өткізілді.

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

Слайд :Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елін сүйген –Елбасы»

Тәрбие сағат мақсаты: Балаларды ҚР

Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен,оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып,еліне деген патриоттық сезімдерін ояту,халқын сүюге,білімділікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу,сұрақ - жауап

Тәрбие сағат көрнекілігі: Елбасы суреттері, слайд.

І. Ұйымдастыру кезеңі 

Слайд:ІІ. Тәрбие  сағатын Әнұранмен ашу

Алаулаған алабынан нұр тамып,                                                         

 Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.                                                                                         

Көк байрағың желбірейді төріңде,                                                                    

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

«Мәні мен мағынасын түсіндір» сынып сағатының атын шығару

Слайд:Елін сүйген Елбасы (суреті) .Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік

қоясын, Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елін сүйген Елбасы!" атты сынып сағатымыз қош ,келдіңіздер!Бүгінгі мерекеміз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады. Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні

туралы әңгімелейміз. Слайд:І. Өмір жолы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,

Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.                                                              

                                                         Алланың

99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына,бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп,шөпшек теріп,отын жарған. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Н.Ә. Назарбаев мектепті аяқтаған соң  Темиртау қаласында жаңадан салынып жатқан металлург комбинатынын құрылысына жұмысқка тұрады. Осы жерден Нұрсұлтан Назарбаевты Днепродзержинское ПТУ-ға,  оқуға жібереді. 1960 жылы аталған оқу орнын тәмамдәп «инженер-металлург» мамандығын игеріп шығып ,Қарағанды металлург комбинатына оралыды. Бұл комбинатта тоғыз жыл еңбек етеді  Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 

1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.

1991 жылы 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетіп Қ.Р президенті болып сайланады. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстан  Республикасының   мемлекеттік  рәміздері бекітілді

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері ,биыл  жиырма алты жыл болады. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз,өнеріміз,экономикамыз,білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық. Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі. Жұмыс орны.Ақорда Елордасы қандай қала?

Алматы бас қала .Астана – жас қала

Слайд:Тәрбиеші:Міне балалар біздің еліміз қазіргі таңда осындай дәрежеге жетті.

Бүкіл әлем біздерге қызыға да қызғана да қарайды.

Еліміздің көркейуіне барша қазақ халқы ат салысып,өздерінің үлесін қосып жатыр.

Ал біз өз тарапымыздан жақсы білім алып,тәрбиелі ұл-қыз атанып,

Қазақстанның көркейуіне біз де өзүлесімізді қосайық.

Олай болса бәріміз ойын ойнап жіберейік.

Ойын: "Елімізді көркейтейік" Қазақстан картасына балалар гүлдерді жапсырады .

Ал,енді мерекелік шағын концертімізді тамашаланыздар.

Тақпақтар: балалар өз тақпақтарын айтады.

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер, Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.   (Ақерке)

 

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.(жансая)

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.(мирас)

 

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы

Неткен-көркем,неткен-сұлу.

Осы менің туған өлкем..(нұрали)

Қанат қомдап таң атқанда шығыстан

Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан

Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,

Менің елім, менің елім — гүлстан! (Мөлдір)

Ән: «Туған өлкем»

Қыздар биі: «Қамажай»

Сөзжұмбақ.

1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)

2. Сөйлеу құралы. (Тіл)

3. Мейірімді адам. (Ана)

4. Қасиетті тағам. (Нан)

Отан деген немене? (топтастыру,жерін елін ,туған мекенін)

Тақпақ :Дания,Асылбек.

 Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.(Асылбек)

Ұлдар би: «Құрманғазы»

Мақал –мәтелдер:

Отан — елдің анасы

Ел - ердің анасы (аружан)

 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей  ел болмас.

Отанды сүю — от басынан басталады. (Дінмұхамед)

Отан оттан да ыстық.Ел іші — алтын бесік. (алихан)

 

Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы. (Айару)

 

Отан ұшін күрес —

Ерге тиген үлес. (айзада)

Тақпатар:

Зеңгір көктен

Нұрын   төккен

Ортақ біздің күніміз

Жайнап өскен ,жайдары өскен.

Біз өмірдің гүліміз (Аруана)

Бал достыққа,жолдастыққа

Шақырады әніміз

Тыныштықта ,нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз. (Кәусар)

Ең соңғысы:Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес,1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті

Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты,Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты. Елбасы күні - елдікті еңселетіп,тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп ,бүгінгі мерекелеріңізбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Ән: "Жаса,Қазақстан"

Өткізген тәрбиеші: Қойбағарова З.Т.

 

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст