«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан № 1 орта мектебі Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабынан пэзиялық эстафета сайысы «Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда - Дулаттың»! (Дулат Бабатайұлының - 215 жылдығына арналады)

30.11.2017

Тақырыбы: «Сорғалаған нөсердей, Жырын тыңда - Дулаттың»!

Өткізген  кітапханашы :       Турдимуратова Б.А

2017 - 2018 оқу жылы

Д.Бабатайұлының -215жылдығына арналған  «Өсиетнама» кітабынан поэзиялық эстафета сайысы

Тақырыбы: «Сорғалаған нөсердей,жырын тыңда Дулаттың».

Мақсаты: Заманнан оза туған, қырғи тілді, қыран ойлы, от ауызды ақынның шығармашылығына терең үңілу, жырларымен сусындау, оқушыларға  Дулат Бабатайұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Өлеңдерін мәнерлеп айтқыза отырып, оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға баулу.

Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, слайд, буклеттер.

Кітапханашы: Құрметті  оқушылар! Бүгін біз  қазақтың жырау ақыны Дулат Бабатайұлының  - 215 жылдығына арналған  поэзиялық кешімізде оның өмірі мен шығармалары туралы  таныс боламыз. Ол  өз  заманының зарын жырлаған, заманнан оза туған, қырғи тілді, қыран ойлы, от ауызды ақын және де   ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, оның  өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат Бабатайұлының ең алғаш  1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына  ақынның замана туралы толғаулары енген.Сонымен бірге «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында  2016 жылы  жыл кітабы деп, зар

заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз – Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы таңдап алынды. Ендігі кезекті  жүргізушілерге береміз.                                                                                                                                          

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар және оқушылар! Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабынан   сайысымызға хош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын Дулат Бабатайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы  туралы тоқталып өтейік.

2-жүргізуші:  Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңірінде туылып, 1871 жылы дүние

салған.  Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Ол жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін

сипаттайтын туындылары аз. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. 

1-жүргізуші:  Дулат Бабатайұлы — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама”

деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны — Шәкір Әбенов.                                                                                                  

2-жүргізуші:  XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде Дулаттың өзіндік үлкен орны бар. Өйткені, ол өзінің толғау-жырларында көптеген келелі мәселелерді көтеріп, өз заманынының шындығын көрсете  білді. Жеке кісілерге арнаған «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кездегі тірліктің ұсқынсыз жақтарын өлтіре шенеп, кейде өткір сатира дәрежесіне дейін көтере білген.                                          

1-жүргізуші: Дулат Бабатайұлының шығармалары қанық та айқын бояумен, өзгеше өрімдерімен, сан құбылған сөз сиқырларымен ерекшеленіп тұрады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясында Дулат Бабатайұлы тұңғыш рет патша өкіметінің орталық езгі саясатының астарын ашып айтып, оның ел ішіндегі «жексұрыны, қанды ауыз ұлық болған, қазақтан шыққан кәпірдің» образын ашық суреттей білген ақын.

2-жүргізуші: Дулат – кестелі тілді, шешен ақын ғана емес, ХІХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына жаңа форма, соны мазмұн әкелген жаңашыл қаламгер. Ол жазып та, айтып та шығарған. Д.Бабатайұлы қазақ тарихында шығармаларының шыңшылдығымен, зар заманның қилы тағдырын шынайы суреттеген жырау, ақын ретінде танылды.Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” жинағында басылып шықты. 1-жүргізуші: 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы құрылған болатын. Сол дәстүр бойынша «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті 2016 жылғы кезекті жыл кітабы деп - зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз – Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы таңдалып, ол жыл бойы оқылатын болды. Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.

2-жүргізуші:  Өн бойында қазақтың сахара даласындай кеңдік,асқаралы тауларындай биіктік, жер ананың төсін жарып шыққан тас бұлақтың суындай мөлдірлік, алдаспандай айбарлы ерлік, сөз сыңғырын сезінтер сұлу саз үйлесімді тоғысқан Дулат туындылары оны өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де ақындардан даралап тұрады.

1-жүргізуші: 

«Тегімді менің сұрасаң,

Қалың найман нуынан.

Жырымды менің сұрасаң,

Сары алтынның буынан.

Сырымды менің сұрасаң,

Тұманың тұнық суынан.

Кеудеме қайғы толған соң,

Тұнық жырмен жуынам.

«Сорғалаған нөсердей Жырын тыңда ДУЛАТТЫҢ...» - деп өзі жырлағандай ендігі кезекті ақынның «Өсиетнама» кітабынан поэзиялық эстафета сайысына береміз.

Сайысымыздың шарты  өлеңді  мәнерлеп жатқа айту және бірінші бастаған оқушының тоқтаған жерінен  екінші оқушы жалғастыру керек.

2-жүргізуші: Әділқазылармен таныстыру: Мектеп тәрбие жұмысының орнбасары – Қазанбаева Анаргул Абаевна;

Мектеп психологы : Курганбаева П

1-жүргізуші:  Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. 5- сыныптан: Алимжанова Жансая, .Нұрдланқызы Жансая;

6 «а»-сыныптан:  Амирбаев Қанағат,  Дәлелхан Әлия;

6 «ә»-сыныптан: Беляшева Мадина,  Итемген Ерасыл;

7-сыныптан:  Асанов Серік,  Құрман Нарқыз;

8-сыныптан: Акрем Бекзат,  Рымбаева Арай.

Қорытынды: Сайыс барысында Дулат Бабатайұлының «Сандықтас», «Қайғылыны уаттым»,  О Сарарақа, Сарарқа»  атты өлеңдері жатқа айтылып, барлық оқушылар белсене қатысты. Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпазарға мақтау қағаздары тапсырылды.

I-орынды  Акрем Бекзат, II-орынды Итемген Ерасыл мен Беляшева Мадина,  III-орынды Дәлелхан Әлия иеленді.

Просмотров: 572


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст