«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын

30.11.2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент

күніне арналған

 «Елін

сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын

 

Өткізген : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кагенов С. К

                 

мектеп кітапханашысы Турдымуратова Б. А.

 өткізілген мерзімі: 2017-2018 оқу жылы   30 қараша

Мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

(Әнұран)

 2- жүргіуші:  құттықтау сөзді мектеп басшысы Балабаева Сәуле Абибуллақызына береміз

 1-жүргізуші. 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бүгінгі кешімізде әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың еңбегін көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.

 2- жүргізуші. Елбасының лауазымдық мәртебесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы)

1-жүргізуші. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы

2-жүргізуші. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы

1-жүргізуші. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы

2-жүргізуші. Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы

1-жүргізуші.  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

2-жүргізуші. Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы

1-жүргізуші. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы

2-жүргізуші. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы

1-жүргізуші. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы

2-жүргізуші. Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы

1-жүргізуші. Болашағым Қазақстанның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,

Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

Асқақ болып еліміздің жалауы,

Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.

Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,

Қазақстан Республикасының қалауы.

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,

Халқым менің, Елбасыны қолдайық.

Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,

Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

  2-жүргізуші.  Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген. Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 1-жүргізуші:  «Тәрбие тал бесіктен басталады», – деп атам қазақ айтпақшы, халқымыз тәрбиеге үлкен мән берген. Елбасы: «Әкем: үлкен кісіні көрсең, оны танысаң да, танымасаң да алдымен сәлем бер деп өсиет етуден жалықпайтын». Оның бойындағы қарапайымдылық, ізеттілік қасиеттері ата-ана тәрбиесінің жемісі екендігін айтуға болады

2-жүргізуші.  Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

1-жүргізуші.  Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық

көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1-жүргізуші: «Н.Ә.Назарбаев әлем мойындаған бүгінгі заман лидері»

2-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жан тебіренісі мен толғанысынан туған

жүрекке жылы тиер ой орамдары, ел бірлігі, жер тұтастығы, ұлт болашағы туралы айтқан тамаша ой-пікірлері:

1-жүргізуші:   «Қандай қасіретке қабырғасы қайысса да, қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен басымды иемін!»

 2-жүргізуші:: «Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны –  туған халқым»

 1- жүргізуші: «Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын»

  2-жүргізуші:: «Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұлан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік»

1-жүргізуші::   «Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жерде, кен де, ел де берген, ер де берген»

 2-жүргізуші::  «Қазақтың кең-байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен»

 1-жүргізуші::  «Жер бетіндегі жақсылық пен ізгілік қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды»

 2-жүргізуші:: «Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты тарихын аттың тұяғымен жазып кеткен жер»

 1-жүргізуші::  «Ендігі жерде біз, бәріміз, бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміз де туған жеріміз-біреу – ол жалпақ қазақ даласы»

2-жүргізуші: «Елімнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттың жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа»

 1-жүргізуші. Н.Ә.Назарбаев бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен

қоғамдық –саяси еңбектерінің авторы. Ал енді Президентіміздің еңбектерімен таныс болыңыздар:

1.Ғасырлар тоғысында

2. Бейбітшілік кіндігі

3. Қазақстан жолы

4. Тәуелсіздік белестері

5. Ой бөлістім халқыммен

6.Сындарлы он жыл.

7. Жүз жылға татитын он жыл

8. Тарих тағлымдары және қазіргі заман

9. Қазақстан-2030

10. Еуразия жүрегінде

1-жүргізуші : Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

 

2- жүргізуші :  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан. Келесі 2018 жылы Астанамыз 20 жасқа

толады.

1-жүргізуші : Астанам- асқарымдай көрінесің, 

Өлең боп көкірегімнен өрілесің. 

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, 

Анық-ау ұтылмасым ,жеңілмесім 

Домалап қазағымның өрге тасы, 

Думанмен дүрілдесін аспан асты. 

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, 

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

2-жүргізуші:  Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзімен де, ісімен де, шығармашылығымен  де дәлелдеп келеді.  Н.Ә.Назарбаевтың авторлық әндерімен таныс болыңыздар:

•   1. «Үшқоңыр» әні: (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Алтынбек Қоразбаев)

•   2. Сарыарқа әні:   (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Алтынбек Қоразбаев)

•   3. «Елім менің»  (сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Бекболат Тілеуханов)

•  4. «Менің Қазақстаным» (сөзі: Жұмакен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов)

1-жүргізуші:  Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.

§ «Жақсыдан бақ қалады»

§ «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»

§ «Тәрбие ошағы – мектеп»

§ «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»

§ «Бiз үйренетін ұлттан үйреттетін ұлтқаайналуымыз керек»

§ «Ұлт болашағы- білімді ұрпақ қолында»

2-жүргізуші:  Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ел арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен! –дей отырып Елбасына арналған өлеңдерге құлақ салайық:

1-жүргізуші:  (Бек Байтас ақын)

Қазақта өлең деген жауһары бар,

Өлеңде арнау деген гауһары бар.

«Мен-қазақ» деген әрбір текті ұлдың

Жақсыға арнау айтар қауқары бар.

Жырласаң, жақсылықты жырла, тілім!

Жақсыға ашылады көңіл гүлім!

Кешегі Абылайлар ізін басқан.

Елбасыға арналар бүгін жырым.


Үшқоңыр баурайының белінде өскен,

Әбіштей әкесі әділ өмір кешкен.

Нұр-аға халық үшін жасар істің

Бәрін де бесенеден біліп өскен.


Жас елдің желбіретіп туын көкке,

Жанарын жас Нұрсұлтан тіккен өрге.

Сол сәттен қазақ деген ұлы елдің

Бақыты мамыражай шөккен көкте.


Далаға қала салды. Қарыштатты.

Өйткені, есіл ер ғой, намыс қатты!

Солшылдық саясатты жою үшін

Көненің жамандығын жаныштатты.


Қазақта Абай деген ақын адам,

Даналық даңғылында хәкім адам!

Абайды сүйіп өскен, әлем білген

Елбасы – өз еліне жақын адам!!!

2-жүргізуші:  Маралтай Райымбекұлы

Мәңгілік ел – арманымның асқары,

Мәңгілік ел – бақытымның бастауы.

Мәңгілік ел – тарихымның дастаны,

Мәңгілік ел Нұрлы жолға бастады.

Мәңгілік ел – менің аппақ мұратым,

Болашаққа нұрын шашып тұратын.

Мәңгілік ел – нұрлы жолы қазақтың,

Бар әлемге мойындатар қуатын.

 Мәңгілік ел – тәуелсіздік тірегі,

Мәңгілік ел – бүкіл халық тілегі.

Мәңгілік ел Нұр ағамның тілегі,

Нұр ағамды бүкіл әлем біледі.

Қазақ елі бейбітшілік тірегі,

Нұр ағамның нұр жолымен жүреді»

1-жүргізуші:  Елбасымызға арнап шығарылған осындай тамаша өлеңдер өте көп. Бірақ та оның бәрін тыңдай беру мүмкін емес. Сонда да өз арамызда жүрген болашақ жазушыларымыз, ақындарымыз да баршылық. Енді соларды тыңдайық.

2-жүргізуші:  Қорытынды сөзімізді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Қазанбаева Анаргүл  Абайқызына береміз

 

Просмотров: 651


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст