«Әлемдік тіл» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,
шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің
пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Тіл – тәуелсіздігіміздің тұғыры, тірлігіміздің айғағы, ұлттық сана, ұлттық рухты бекемдей түсетін темірқазық.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында оқыту үрдісіне
жаңа технологиялық әдістер, оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде
қолдануды қажет етеді. Мемлекеттік тіл –біздің ана тіліміз. Мемлекеттік тілдің
деңгейін көтеруге ат салысу –ұлтын, елін сүйген әрбір қазақстандық азаматтың
парызы.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойда, сол алда, - дегендей, бүгінгі
интеллектуалдық ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған
білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
І кезең. «Тіл- өнер»
Мақал - мәтелдер беріледі. Мақалдың ішінен
бір сөз жасырылады, сол сөзді тауып, оның орыс және ағылшын тілдеріндегі
аудармасын айту.
1. Оқу - /білім/ бұлағы, /білім/ - өмір
шырағы /білім - знание - knowledge/
2. Анаға қарап /қыз/ өсер, әкеге қарап ұл
өсер /қыз – девочка - girl/
3. Ағаш көркі - /жапырақ/, адам көркі -
шүберек /жапырақ - листья- leaf/
4. /Су/ анасы—бұлақ, сөз анасы құлақ /су -
вода- water/
5. Жігітті намыс өлтіреді, /қоянды/ қамыс
өлтіреді /қоян – заяц - hare/
6. Көсем ел бастар, шешен /сөз/ бастар
/сөз – слова - word/
7. Елдің көркі – ерімен, /отан/ көркі -
жерімен /Отан - Родина - Motherland/
8. Жалғыз жүріп /жол/ тапқанша, көппен
бірге адас /жол - дорога- road/
9. Жаманның тілі ащы, көк мияның /гүлі/
ащы /гүл – цветок -flower/
10. /Жаңбыр/ жауса – жер ырысы, батыр туса
– ел ырысы /жаңбыр – дождь - rain/
11. /Еңбекпен/ ер өседі, егізбен төл өседі
/еңбек – труд - work/
12. /Досы/ жоқпен сырлас, /досы/ көппен
сыйлас /дос – друг - friend/
13. Ғылымның шырағы – күн, адамның шырағы
- білім /күн – солнце - sun/
14. /Аға/ алдында пейіліңді көрсет, іні
алдында мейіріміңді көрсет /аға – брат - brother/
15. /Жаманға/ еткен жақсылығың жатқа
кеткен малмен тең /жаман – плохой - bad/
16. /Үлкенді/ сен сыйласаң, кіші сені
сыйлайды /үлкен – большой - big/
17. Туған /жердің/ ауасы да шипа /жер –
земля - land/
18. Күш бірлікте емес, /жүректе / /жүрек –
сердце – heart/
19. Қыстағы /қар/ - жерге ырыс, жердегі
ылғал- елге ырыс /қар – снег - snow/
20. /Ата/ - балаға сыншы /ата - дедушка-
grandfather/
ІІ кезең. «Жеті жұмбақ»
20 20 20
30 30 30
40
Оң жақтағы 20 - әдебиет
Қазақта тұңғыш эпопея жазған кім? /М. Әуезов/
Ортадағы 20 - қазақ тілі
Қазақ тілінде стильдің неше түрі бар? /5 түрі бар/
Сол жақтағы 20 - әдебиет
Абайдың Гете - Лермонтовтан аударған
өлеңі? /«Қараңғы түнде тау қалғып»/
Оң жақтағы 30 - қазақ тілі
Тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын
сөйлем? /жалаң сөйлем/
Ортадағы 30 - әдебиет
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы
оқиғаның өтетін жері? /Жетімкөл/
Сол жақтағы 30 - қазақ тілі
Кем дегенде екі жай сөйлемнен құралып,
күрделі ойды білдіретін сөйлем түрі? /құрмалас/
Ортадағы 40 - әдебиет
Мағжан Жұмабаевтың айтуынша Түркістанды
ертеде қалай дескен? /Тұран дескен/
IІІ кезең. «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам,
нақты жауап беру керек.
1 топқа:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
5. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
(сұрақ белгісі)
2 топқа:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай
аталады? (етістік)
3. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
4. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
5. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
(нүкте)
ІV кезең. «Кім жүйрік?» - жаңылтпаштарды оқу.
1. Гүлжамила
бақташы, гүлге толы бақшасы
2. Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
3. Жағажай, жағажайда
Қамажай, Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
4. Сең сел емес,
Сел сең емес,
Мен сен емес,
Сен мен емес.
5. Оқуда Ораз озар ма екен?
Ажар озар ма екен?
Қорытынды: Бүгінгі интеллектуалдық ойынымызды қазақтың көрнекті сөз зергері Ғабит Мүсірепов атамыздың тіл
туралы эпитетімен аяқтаймын.
«Қазақ тілі –бай тіл, оралымды, ырғақты,теңеу бейнелері ерте туған тіл».