Астрахан №1 орта мектебінде қаңтар айында "Адал ұрпақ" тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 9-11 сынып
оқушыларының қатысуымен "Жемқорлық құқықбұзушылықтардың картасы" жобалар байқауы өткізілді. Әрбір сыныптан бір оқушы өздерінің сыныппен дайындаған жұмыстарын ортаға шығып презентация жасады. 9 А сыныбыннан Әділбекқызы Шірбат, 9 Ә сыныбынан Темірбекова Айша, 10 сыныптан Камарадинов Жақсылық, 11 А
сыныбынан Аскарова Жансая және 11 Ә сыныбынан Джаманкулова Фариза өздерінің дайындаған жұмыстарын
көрсетті. Аталған көрсетілімдерде оқушылар жемқорлыққа байланысты
өздерінің білімдері мен түсініктерін көрсетті деп айтуға болады. Жалпы
айтқанда рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу
контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру
бағдарламасының негізгі мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және
әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау болып
табылады. Ал, жоғарыда аталған оқушылардың көрсеткен жұмыстарынан, мектеп оқушыларының бойында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын көруге болады, өйткені оны
оқушылар өздерінің жұмыстарында көрсете білді. Бұл іс-шараның жүргізілуі
барысында оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып,
өздерінің пікірлерін айтып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өздерінің түсініктерін кеңейтті деп айта аламыз.