«XXI ғасыр көшбасшысы»
«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, мектеп қабырғасында алған білімдерін еркін
бағдарлай білетін оқушыларымыз үлкен додаға түскен. Мектебімізде «Жас Ұлан»
балалар-қоғамдық ұйымның ұйымдастыруымен, 8-10 сыныптар арасында «XXI ғасыр
көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – оқушыларды жан-жақты
болуға баулу , ой-өрістерін дамытып, білімге деген құштарлығын арттыру және
көшбасшылық қабілеттерін ояту. Ұсынылып отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» атты
зияткерлік сайыс сыныптан тыс іс-шара математика, қазақ тілі, тарих, география,
физика , химияны оқыту бағдарламаларына сәйкес құрылған. Бүгінгі таңда өзекті
мәселелердің бірі заман талабына сай білім беру бойынша жаңа бағдарлама арқылы
оқушылар негізгі пәндерден алған білімдерін жетілдіре түседі. Сайысымыздың
қатысушылары өте жақсы дайындықпен келген болатын. Дегенмен, жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар болып, 1 орынға 10 сынып оқушысы Қалел Досбол, 2 орынға 10 сынып
оқушысы Камарадин Жақсылық және 3 орынға 9 «ә» сынып оқушысы Оспанова Гульвира
ие болды. Жеңімпаздарымызға осы жолдан таймай, алға қойған мақсаттарыңа жетіп,
талай асу-белестерді бағындыра беріңдер деген игі тілегімізді білдіреміз. «Еліміздің ертеңі –
бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры– ұстаздың қолында» деп, елбасы
Н.Ә. Назарбаев айтқандай, оқушы ізденіс арқылы жетістіктерге жетеді. Нәтижесінде
білім – ғылымға өте қабілетті жеке тұлғалар қалыптасады.
Муканова Сабина
Астрахан №1 орта мектебінің
11 «А» сынып оқушысы,
мектеп президенті