«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің 1 ауысымдағы есебі

19.06.2019 Астрахан №1 орта мектебінің мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің 1 ауысымдағы есебі 1-күні «Балдәурен»балалық шақ лагерінің салтанатты ашылу кеші өтті. Онда балалар ән,тақпақтар айтып,би биледі. Тәрбиеші Койбагарова Зухра сайқымазақ болып киініп,балаларға ойындар ойнатып,балалардың көңілдерін көтерді.Кеш соңында балаларға тәттілер таратылып,дастархан жайылды. 2-күні Балалармен Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай « Рәміздерім – мақтанышым» атты сынып сағатын тәрбиеші Г.Есимситова өткізді. «Кімнің қолы шебер?»тақырыбында асфальтқа сурет салу сайысы болды. 3-күні «Дос және достық»тақырыбында тәрбиеші Г.Оспанова балалармен әңгіме жүргізді. Әлеуметтік педагог М.Нурдиллдаева балалармен «Таныстыру» тренингін өткізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ә.Рахман саптық жаттығулар жасатты.4-күні «Абайла,балақай!» балалар жолда жүру ережесімен танысты. «Кім зерек?» сайысын Г.Оспанова өткізді. 5-күні Балаларға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ә.Рахман акробатикалық және саптық жаттығулар жасатты. Балалар «Не жоғалды? ойынын қызыға ойнады. «Би билейміз дөңгелеп» балалармен би биледік. 6-күні Бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттау жайлы видеороликтер көрсетілді. «Кім боламын? тақырыбында эссе жазды. «Көңілді старт» эстафеталық ойындар ойналды. 7-күні Қыздар арасында «Лагерь аруы – 2019» сайысы өтті. Сайыс 4 кезеңнен болды. Лагерь аруы болып,Қадырбек Жанеля марапатталды. Балалармен ертегілер еліне саяхат жасадық.Олар «Түлкі мен қоян» және «Ханшайым мен ханзада»ертегісін сахналап қойды.Мектеп медбикесі А.Темирбекова «Тазалық денсауғлық кепілі және қалай дұрыс тамақтану керек»тақырыбында әңгіме жүргізді. 8-күні Балалармен табиғат аясына саяхатқа шықтық.Түйме қадау сайысын өткіздік. «Шынықсаң шымыр боларсың» саптық жаттығулар жасады. 9-күні Астана туралы деректі фильмдер көрсетілді. Балалармен аудандық кітапханаға және балалар шығармашылық үйіне саяхат жасадық. Онда «Көңілді ноталар» кешін ұйымдастырды.Қызықты ойындар ойнатты,флешмоб биледі.Ең соңында тәттілер таратылды.10-күні Балалармен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ә.Рахман «Дені саудың жаны сау»спорттық сайысын өткізді. «Балдәурен» лагерінің 1 ауысымының«Қош бол,лагерім!» атты мерекелік концертін өткіздік. Жауаптылар: Оспанова Г.М. Есимситова Г.К
Просмотров: 923


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст