27.05.2019
Кеше ғана тұлымдары желбіреп,жүректері лүпілдеп,мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп,алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр .Он бір жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып ,ұстаздарына анасындай еркелеп,балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен,әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттерімен қоштасу мерекесі, сонғы қонырау мерекесі "Қош бол,алтын ұям-мектебім" атты салтанатты жиын өтті.Түлектерді аудан әкімінің орынбасары Ж.К.Шахпутова және мектеп директоры С.А.Балабаева құттықтады.