«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

25.12.2018

1 Сценарий тақырыбы: «Елімніңбақытын тербеткен Тәуелсіздік»

жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді

қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Елімнің бақытын

тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке

қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің

өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ

елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы

кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,

сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген

саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Балабаева Сауле

Абибуллаевнага беріледі

1-жүргізуші

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Концерттк бағдарламамызды бастауға «Отаным менің» атты әнмен

10 сынып оқушыларын ортаға шақырайық!

2-жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой-қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық

 

Күй «Көроғлы» орындайтын 11 - сынып оқушылары: Қалел

Досбол мен Айтмағанбет Арайлым.

 

1-жүргізуші:

 

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Алдарыңызда 4 Ә бишілер тобының орындауында «Достық биі»

 

2-жүргізуші

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Ортада 2А сынып оқушыларының орындауында «Тәуелсіз ел

Ұланы» әні

 

 

1-жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Ортаға Қайролла Гүлнұрды «Туған ел» әнмен шақырамыз

 

2-жүргізуші

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын- қыстау

кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар .Ал 1986 жылғы оқиға

халықтың есіне мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып,

Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз

Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.Сондықтан да

желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1986жылы Алматының бас

алаңына жастар жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол

жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан котерілісіне қатысқан ағаларымыз

бен апаларымыздың арқасында ата- бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы

армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік

Бас алаңда ел жосқан

Жастар қаны жуған түн.

16-желтоқсан Тәуелсіздік туған күн!

 

Ортаға 3 А және 9 сынып оқушылары

– Галимхан Агиля мен  Сағат Фархатты поэзиялық

минутына шақырайық

 

1 – жүргізуші:

 

Алдарыңызда 11 сынып оқушыларының орындауында «Жаса

Қазақстан әні»

 

2-жүргізуші

Астана - үміт қаласы

Бас болған елдің данасы

Мақтана оған қарайды,

Қазақтың барлық баласы.

Сахнада 5 А сынып «Астана» әнімен қарсы алыңыздар

 

1-жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

Ортаға 8 сынып бишілерін «Қуаныш биімен» шақырайық

 

2-жүргзуші

Отаным, жерім, ауылым

 Әкешім, ана,

бауырым

 Отанның сүйем

құм тасын

Сүйемін қарын жауынын

 

Отаным - елім, кең далам

Құстары биік самғаған

Мен сенің Отан бір балаң

Қорғауға өзін арнаған.

Ортаға өз өнерін көрсетуге Елеупова Лейланы  шақырамыз

 

2-жүргзуші

 

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Ортаға 7А сынып оқушылары, қарсы алыңыздар

 

1-жүргзуші

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн       

 Ерекше боп

мәңгілік

Ел жадында қалған күн

7ә сыныптың орындауында «Кеңес күйі»

 

2 – жүргізуші:

Сахнада 6 сынып оқушыларының орындауында «Ән жүрегім -

Астана»

 

1-жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім

Сахнада 2-4 сынып оқушылары, ән «Жас дәуірдің түлегімз»

 

1-жүргізуші

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

 

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Сахнада 3-4-5 сынып оқушылары, хор  «Мәңгілік ел жастары»

 

2-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

Сахнада 10 сынып оқушылары, қарсы алыңыздар!

 

1-жүргізуші

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

2-жүргізуші

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі

жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Просмотров: 611


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст