«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар жиналысы

21.02.2022 " Астрахан ауылының №1ЖОМ" КММ-нің 2021-2022 оқу жылының 16 ақпан күні сағат 17:00-де " Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет " тақырыбы аясында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ең алғаш мектеп директоры С.А.Балабаева сөз алып, санитарлық -эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Данияр Болатұлына сөз берді. Д.Б.Тайгулов "12-18 жас арасындағы жасөспірімдерді короновирус инфекциясына қарсы вакцинациялау " бойынша ақпарат беріп, ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауап берді. Үшінші болып кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Курумбаева Динара Сериковна сөз алып, "Тұрмыстық зорлық -зомбылықтың алдын алу " бойынша ақпарат бере отырып, ата-аналар әрқашан кандай жағдай болса да көмекке жүгіне алатындығын айтты. Мектеп психологы Сәндібаева Роза Жанбаевна "Отбасылық-тұрмыстық зорлық -зомбылыққа қарсы іс-қимыл " тақырыбында баяндама оқыды. Жиналыс соңында мектеп директоры С.А.Балабаева әр түрлі мәселелер бойынша сөз алып, ата-аналардың сұрақтарына жауап бере отырып, жиналысты аяқтады.
Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст