«Балалар әдебиеті жазушылары»
(3 «а», «ә» сынып оқушылары
балалар әдебиетімен және жазушыларымен танысу)
Мақсаты: Оқушыларды балалар
әдебиеті жазушыларымен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін
ұғындыру. Кітаптың
адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндіру, кітапқа деген
қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. Балаларды кітап арқылы
рухани байлығын арттыруға тәрбиелеу.
Балалардың
демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды. Демалыс
кезінде балалардың жеке ерекшеліктерін
жетілдіріп денсаулықтарын нығайтып ойын сауық барысында өздерінің сан түрлі
таланттарын ашып көрсетуге мүмкіндік алады.
Кітапқа деген құштарлық балаға алғаш мектеп есігін ашқаннан пайда болатыны
белгілі. Әліппені қолға алып, бірінші әріппен танысқаннан бастап, кітап
әлеміне, оқуға деген құштарлық оқушыны кітапханаға қарай жетелейді. Балалар күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдаланып кітап оқу үшін мектеп
кітапханасына саяхат жасадық.
Балалар мұнда балалар әдебиетімен
және журналдармен танысты.
Кітапханашы Батес Тұрдымұратова балалар
әдебиеті туралы толық мағлұмат бере келе, келіп түскен жаңа кітаптар
тізімін ұсынды. Балалар жазушылары, ақындары олардың
шығармаларына тоқталып пікірлестік. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
кітабы басты кейіпкері Қожаның
мінез-құлқы туралы пікірлестік.
Осы кітап бойынша түсірілген
кинофильмнен үзіндіні бейнероллик арқылы
тамашаладық.
1- қараша,2018 жыл