«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ел ертеңін ойлаған Елбасы»

19.12.2018

Тақырыбы:  Ел ертеңін ойлаған Елбасы

Мақсаты: «1-желтоқсан-Тұңғыш

Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір

жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға

тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін

қалыптастыру;

Көрнекілігі:слайдты

презентациялар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан

Республикасының рәміздері.

Барысы:

Мұғалім:  Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент

күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр.Осыған орай біз де «Ел ертеңін ойлаған

Елбасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

-Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі

1-желтоқсанда аталып отыр?

(1991 жылы 1-желтоқсанда республика

жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп

сайланды)

 Нұралі:

Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

 

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше,

Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!

Агиля:Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік

тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны

орындалсын.(Әнұран қосылады)

Мұғалім:

-Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі

мен қызметі туралы не білесіңдер?

Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып

шығады.Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп

түсіндіремін.

Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940

жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы

таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету

керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз

өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын

маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті

жақсы оқып, жақсы білім алады.

Жұмысшы Нұрсұлтан

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре

салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді

құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ

қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы

мамандығын меңгерді. Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал

кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 

Ал,енді викториналық сұрақтар:

1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Ол

қашан, қай жерде туды? (1940 жылы,6-шілдеде Алматы облысы,Қаскелең

ауданы,Шамалған ауылында)

2.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы

еңбек жолын қайда бастады?(1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде

жұмысшы болып бастады)

3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан

президент болып сайланды?

(1991 жылы 1-желтоқсанда)

4.Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды?

(1991 жылы 16-желтоқсанда)

5.Астана қаласының тұсаукесері қашан

болды? (10-маусым 1998 жылы)

6.Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жеке

еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында»,

«Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл»)

7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік

рәміздеріне нелер жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)

8.Ту мен Елтаңбаға сипаттама беріңдер.

(Елтаңбада шаңырақ,қос тұлпар бейнесі,бес жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бар.Туда

қыран,күн,қазақтың ою өрнегі бар).

9.Әнұран қашан қабылданды? (2006 жылы

7-қаңтарда)

10.Авторы кімдер? (Әні Шәмші

Қалдаяқовтікі,сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі)

Ән: «Қазақстаным»

Нұралі:

Елімнің атын айтсам -Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам –Қазақстан!

 

Ел тарихы, жер тарихы-өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

 

Агиля:

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көтерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

 

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

 

Келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.

Тамирлан:

Халқымда күш-қуат бар озар лайық,

Сондықтан алға қарай қозғалмайық?!

Тәуелсіз елдің туын желбіретіп,

Көтерген көкке биік Назарбаев!

Ақбота:

Ашылып алдымыздан оң құбыла,

Бақ болып басымызға қонды мына.

Кірсек біз елу елдің қатарына,

Содан соң қол созамыз ондығына.

Ерсұлтан:

Арқаны кеңге салмай,уақыт тарын,

Қолымен қойғандай ғып танып бәрін,

Берді айтып қолымызға ұстатқандай,

Өрлетер әр саланың бағыттарын.

Аружан:

Қалдырмай әрбір ауыл,әр ошақты,

Өшпейтін бұл өмірдің шамын жақты.

Айқындап көз алдына әкеп отыр,

Тап басып тамыршыдай болашақты.

 Малика:

Толығар нәрсең болса толықпаған,

Өйткені тауым тыныш,тұнық далам.

Ұстатып қолына оның ел тізгінін,

Сол үшін халқым сеніп ұлықтаған.

Қазына:

Барынша қабілетті болған елдер,

Білеміз тек еңбекпен кемелденер.

Айтып тұр Елбасымыз,сасар түк жоқ,

Бұл деген тірлік екен қолдан келер.

 Арман:

Қадамы мықты елміз алға басқан,

Сондықтан кем болмаймыз бақ-ырыстан.

Ап шықты Елбасымыз жолын тауып

Кешегі төніп келген дағдарыстан.

Адия:

Шалқытып ақын жүрек толғасын да,

Көшбасшың адастырмас бар қасыңда.

Жол тартты Жаңа әлемге Қазақстан

Көреген Елбасының арқасында.

 Кәусар:

Көрінер осыдан-ақ озғаны әрі,

Сірескен сеңді бұзып қозғағаны.

Қаймықпас қара дауыл,борандардан,

Ол-елдің қыран бүркіт,мұзбалағы.

Медина:

Бойында күш-жігерін аяп қалмай,

Оятқан елімізді таң аттырмай.

Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы,

Ап шыққан жұрт соңында шаң қаптырмай.

 Құралай:

Жақсының айтады ел жақсы атын,

Тұнық боп тұмасынан басталатын.

Елінің ертеңіне көз жіберген,

Талмасын,Қыран Бүркіт,қос қанатың!

Ақниет:

Кенеліп мол табысқа ұлан-ғасыр,

Жасап ап кереметтер келер асыл,

Жүрейік биік ұстап еңсемізді,

Таң қалып жатсын бізге мына Ғасыр!

Нұралі: Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған

білімді,ақылды,өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар

білгенімізді ортаға салдық.Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана

аламыз.Мақтай да аламыз.

Агиля: Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн

кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.Сондықтан егемендігіміз баянды

болып,халқымыз аман,ел жұртымыз тыныш болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сынып сағатымызды «Көк тудың

желбірегені» әнімен аяқтасақ.

 

 

 

                                           Өткізген  3 «А сынып 

мұғалімі:

                                                

Тангатарова  Тамара  Тұрсынқызы

Просмотров: 751


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст