Астрахан №1
орта мектебі
1
желтоқсан – Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.
Жауапты: 2 «а»
сынып жетекшісі Оспанова Г.М.
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.
Мақсаты:
1.
Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру
2.
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық
сезімдерін арттыру.
3.
Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол
білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру,
әңгімелеу, сұрақ-жауап
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Алаулаған алабынан нұр
тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние
жүр танып.
Көк байрағың
желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде
шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім:-Бүгінгі
1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып
сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық
деп жариялаймыз.
Осы тәуелсіз
еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне
үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай
күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге
тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес.
Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
Слайд көрсету.
—Н.Ә.Назарбаев кім?
1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың
жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде
Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті
жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Жасынан зерек, алғыр
азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991
жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан
бері 22 жыл өтті.
3-оқушы: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,
өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі
қажырлықпен атқаратын адам.
4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ
пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде
Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының
есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала
беріпті.
Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының
аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5
жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы
Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын
Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды
металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия
мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті
болып сайланды. ҚазақстанПрезиденті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15
маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне
өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен»
деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.
1-оқушы:
Бұл дүниеде біздің бір
ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.
2-оқушы:
Отанды
сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.
3-оқушы:
Салтанатты жарасқан
қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел
екендігімізді мақтан етейік!
4-оқушы:
Отаншылдық рухы бізге
ауадай қажет.
5-оқушы:
Отаны бірдің-тілегі
бір, жүрегі бір.
6-оқушы:
Көп ұлтты ел
болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
7-оқушы:
Дүниеде тәуелсіз Қазақ
елі бар.
Әлемде егемен
Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату,
ынтымақшыл халқы бар.
Ең бастысы-бүгіннен
нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім бар!
Тәуелсіз мемлекетті
Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның
болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің
алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз
өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Хормен «Елбасы» әнін орындау
Сіз-әке барша қазақ
бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы,
халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр
әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!