«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖИТС-ке қарсы күрес.

11.12.2018

Тәрбие сағаты:

ЖИТС-ке қарсы күрес.

Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы

адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр

дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен

барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып,

олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты

жауапкершілітерін орнықтыру.

Көрнекіліктері:

интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

 

Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие

сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»

стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір

азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен

болатын. ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын

иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы

аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

 

Ғалымдардың

есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити,

Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері

адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома

Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.1982 жылы ауруларды

бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье

мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

 

1981 жылы

Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша

гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді

/денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен

баяндалған.

Осыдан соң

олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім

жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

 

 Бұл

аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет

тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

ЖИТС –

бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін

кесел.ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы

уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану,

алдын алу.

 

Бексұлтан:

Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін

бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай

тарайды.

 

 Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде

ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр

адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

 

Кеңес беру.

1.

Ішпеген,шылым шекпеген

Жасайды жылдар көптеген

2.Ұзартқың келсе ғұмырды,

Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі-

Еріккеннің ермегі.

4. Шарап-арақ ішіңе көшеді,

Ақыл шөлмек ішіне түседі.

5. Жабылады шарабыңды ішерде,

Бәле төнсе,жоқ араша түсерге.

6. Жасында темекісін будақтатқан,

Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

7. Адам арақты ішеді.

Ақыл арақты ішеді.

8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,

Одан кейін өзгелерді сақтаңдыр.


Флешмоб билеу.

 

Мұғалімнің сөзі:

Міне, балалар

ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст