ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында "Өз бойымызда және
балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл
ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады", -
деген сөзінің өзі "Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан
болсын" деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей.
Мемлекетіміздің болашаққа қойған бұл болжамы айна-қатесіз ақталарына кәміл
сеніммен қарауға болады.
Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы.
Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді.
Бұған ешкімнің күмәні жоқ. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ"
бағдарламасы бойынша шетелде білім алған түлектермен кездесу барысында
"...патриот - ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды
қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының
дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам" деген болатын. Патриотизмнің тарихи
элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дəстүріне сүйіспеншілік
түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің
мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені əрбір тап Отанға деген
көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. “Патриот – Отанын, халқын, жері мен
суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын
адам. Олар – өз Отанының жалынды патриоты, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығының
озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне
арнаған адамға тəн терең сезім.
Қазақ совет энциклопедиясында “патриотизм” – дегеніміз
(грек patrіotes – отандас, patrіo – Отан, туған жер) отанға деген сүйіспеншілік.
Бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін,
ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дəстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм
элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды, – деп көрсеткен.
Халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлының ұлы, жазушы Бақытжан Момышұлы “нағыз патриоттар өзінен
бұрын Отанының қамын көбірек ойлайды.Шынайы патриот қазақ ата жұртының мəңгі тəуелсіз
өмір сүріп, гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар”
деп дəріптейді. Жазушы “Қазақстандықтардың барлығын бірдей патриоттар деп айта
алмаймыз, өйткені материалдық тоқшылық, технологиялық игіліктерге бола жеке
басын күйттеп, шетелге қашқандар, келешек ұрпаққа мұра болып қалатын жерді
табиғи ресурстарды сатып жеке басының байлығын асырғандарды, “қазақ” деген ұлы
халықтың даналығынан туған салт-дəстүрін тəрк етушілерді, тарихын, тілін
білмейтін, білуге ұмтылмайтындарды патриоттар қатарына қоспайды. Ол
Қазақстанның бүгінгі территориясының сақталып қалуына, халқының ел болып ұйып
отыруына, ежелгі дəуірден бері қарай үлес қосып келе жатқандарды нағыз
патриоттар дей келе, “патриоттары көбеймеген халық елдігінен айырылады жəне
елдігін сақтап қала алмайды”, – деп түйіндейді. Бақытжан Момышұлы патриоттық
сезім “адамдарға генетика арқылы беріліп, ойына мықтап орнығады. Алайда оған
күтім мен қамқорлық, ұдайы шыңдап отыратын тəлімгерлік те қажет” , – дейді. Ол
ерлік, рух, ұлттық намыс арасындағы тығыз байланысты: “меніңше, ұлттық намыс
болмаса, ұлт батырлары да болмайды. Сонымен қатар ол, ең алдымен, елінің
патриоты атанбаса, батыры да емес. Демек, ұлтына деген құрмет патриотизмнің
ажырамас бөлігі. Отаны мен халқына деген
сүйіспеншілік жоқ жерде патриотизм тумайды. Егер тура мағынасында айтсам,
патриотизм – адамды өзінің арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты
қасиетті жіп”, – деп белгілейді.
Осыған орай, “Қазақстандық патриотизм” деген ұғымды педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов: “Қазақ елін
шексіз сүю деп түсінемін”, – дей келе, “Отан сүю” сезімі – халқының келешегі
үшін күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім,
Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын өз
шама-шарқы келгенше аянбай еңбек етуді мен Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі
шынайы көрінісі дер едім”, – дейді.
Патриоттық тəрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан
түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам
баласына тəн туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мəдениетіне,
ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын
пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны
мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дəстүр,
тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады. Ұлттық рух пен
ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті,
өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігі, адам өз халқымен қан жағынан да жəне
шыққан тегі, аумағы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық жəне
этностық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дəстүрлері жағынан да, əбден айқын əрі
дербес басқа қасиеттері жəне ерекшеліктерімен де байланысты [1]. Ұлттық
патриотизмді қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тəлімдік тəрбиесінің
атқаратын орны ерекше.
Жас ұрпақты патриотизмге тəрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің,
оның мəдениетінің бірегейлігі, əлеуметтің, халықтың əлеуметтік психологиясының
ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мəні мен
мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары
əлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету
үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады
[2] .
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың "Төрт ана”
деген өлеңінде былай деген: " «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер
ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп
қазығы, айбыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-санасы тірегі,
Қадымына шуақ
шашар үнемі.
Жəне туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр əрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған,
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы! [4].
Төрт ана тек
қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда
түрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дəстүрі,
мекен-жайы, ана тілі бар. Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм – бүкіл
қазақстандықтарға тəн. Отанын, елін, жерін, тілін сүйер жүрегі патриоттық
сезімге толы саналы ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.
1. Н.Ə.Назарбаев. «Қалың елім – Қазағым» жинағы
2. 4. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған
жолдауы “Қазақстан-2050” Стратегиялық бағдарламасы
3. Педагогика тағылымы Алматы 2003.
4. Шаханов М. "Төрт
ана” Г. "Егемен Қазақстан” 23.08.1995.