«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

3 қыркүйек күні 2 «а» сыныбында «Мен кішкентай патриотпын» атты сынып сағаты өтті. Сабақты әнұранмен бастадық. Оқушылар Отан,туған жер,патриот сөздерін қалай түсінетіндерін айтты.

06.09.2018

Сабақтың тақырыбы: «Мен – кішкентай патриотпын».

  Мақсаты:

 Білім

күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе және сезіндіре білу,  білімге

деген құштарлығын арттыру, Отанды

сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, халқымыздың

салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай 

жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды  өркендетуге білімді адам керек екенін

түсіндіру. Қоғамда өздерін

көрсете  және өз еліне пайдалы бола

алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін

иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: Мемлекеттік

Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар, Қазақстан Республикасының

картасы (физикалық, саяси)

  Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары:

Бейнепроектор,  компьютер

 

Инновациялық

технологиялар, әдістер, интерактивті тәсілдер: білу – түсіну – қолдану. «Идеялар

себеті», «Кластер», «Синквейн жазу», «Жобалау пікірталасы», «Тегтер бұлты».

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

Бар

мектептің басталар бүгін жыры

 Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны

Жаңа

оқу жыл бастауы

Құтты

болсын бүгінгі Білім күні!

(Оқушыларды

шаттық шеңберіне шақыру.)

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, 1-ші қыркүйек күні

барлық мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн

сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке

күні болып саналады. Әрбір мектепте тұңғыш қоңырау соғылады. Осы тұңғыш

қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі

азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер мектепке

күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

 

- Сабақ Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Әнұранымен ашылады.

ІІ Негізгі бөлім

-Отан деген не, кім қалай түсінеді?

-Отан, туған жер туралы қандай өлең

білесіңдер?

Мұғалім: Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан

–сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған-туысқаның. Отан-бұл өзіңнің

тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға

теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды,

елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

-Ал патриот

деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 «Ассоцация» тәсілі

Әр оқушы «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану

және сөйлемдерді жалғастыру  ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің

Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің  жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын

есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін  өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және

білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп

армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата-

бабаларын  мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.

 

Мұғалім: Патриот – ұлтын сүйетін, өз

тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін

дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған

елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын

бағалай білетін асыл тұлға. 

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін

сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге

ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын

қорғауға  дайын болуын білдіреді.

Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның

жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

-Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

-Қазақстан Республикасының рәміздерін атап

жібер.

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып

шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

-Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

-Тағы да қандай үлес қоса аламыз?

- Ұжымдық шығармашылық іс: Өзінің

туған қаласы, ауылына арналған «Менің қалам (менің ауылым) бүгін-болашақта»

атты такырыпта постер жасап,  қорғайды.

-Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал,

еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз

үлесімізді қосайық.

-Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер

туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?

«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.

 «Синквейн жазу» әдісі.  Оқушылар өз бетінше синквейн

құрайды,

Патриот

Аса өнегелі, жауапты

Еңбектенеді, жасайды, күреседі,

Өз Отанын сүйеді,

Азамат.

— Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді,

яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз         Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен

жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми

ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз,

Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай

сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты

ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын,

Тәуелсіз елдің азаматтары!

 Рефлексия. «Тегтер

бұлты» инновациялық тәсілі, онда мыналар толтырылуы қажет:

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол

жеткіздім.

Мен ...........................................................істей

алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде

қалды.

Мен ...........................................................істеп

көремін.

Әнұран орындалады.

 ІІІ Қортынды: «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және

тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз

ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды

танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы

патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй,

сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр. Сүю –иә, бірақ тек өз жерін ғана емес, бірақ  оған міндетті түрде нақты бір нәрсе

істеу". Ш. Уәлиханов

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст