Текст
Бүгін гуманитарлық пәндер бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында жартыжылдық оқу жылының қорытындысы мен пән мұғалімдерінің есептері тыңдалды.
📚 Бірлестік жетекшісі Аскарова Көркем оқушылардың олимпиадалар мен іс-шараларға белсенді қатысқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, дәптер тексеру мен сабақтарға кіру мәселелеріне де назар аударылды.
👏 Оқушылардың жетістіктері мен мұғалімдердің еңбегі лайықты бағаланып, алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Кемел білім – кемел болашақ кепілі! 💡