«Астрахан ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 2024 жылғы 20 желтоқсанда 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мәселелері бойынша 11-сынып түлектерімен түсіндірме жұмысы өткізілді . 11 «А» сыныпта 14 оқушы, 11 «Ә» сыныпта 12 оқушы оқиды. Барлығы 26 түлек 2025 жылы ҰБТ-ға барлығы қатысады.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
2025 жылғы ҰБТ-ның жалпы талаптары мен құрылымы.
Тестілеуді өткізу ережелеріндегі негізгі өзгерістер.
Тапсыруға міндетті пәндер тізімі және қосымша пәндерді таңдау.
ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру тәртібі және тіркеу мерзімдері.
Тестілеуге дайындық және емтихан кезінде уақытты бөлу бойынша ұсыныстар.
ҰБТ нәтижелері негізінде ЖОО-ға түсу мүмкіндіктері. Жоғары сынып оқушыларына одан әрі білім беру және кәсіби жолында тестілеуді сәтті тапсырудың маңыздылығы түсіндірілді. Әңгімелесу барысында оқушылар 2025 жылы дайындыққа, емтихан форматына және тестілеу ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарға жауап алды.