«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жол картасы" жоспары аясында

13.02.2025

2024 жылдың 18 желтоқсанында "Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Жол картасы" жоспары аясында "Өндіріс ауылының ЖОББМ" КММ және "Бірлік ауылының НОМ" КММ-нің жас педагогтерімен әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ашық сабақтар өткізілді.

Басты мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи оқыту әдістері мен инновациялық технологияларды меңгеруге ықпал ету. Бұл бастама білім сапасын жақсарту жолында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Өткізілу барысы:
Келген жас мамандарды мектеп директоры Гулнар Бахытевна құттықтап, сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Отениязова Аксана Алдабаевна "Жол картасы" бойынша жылдық жоспарымен таныстырып, өткізілген іс-шаралар туралы бағыт-бағдар берді.
Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу жұмыстары оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Кошекбаева Гулназ Ахметовнаның басшылығымен жүзеге асырылды.
1. Коучинг сабақ
Жас мамандар жетекшісі Дәлелхан Ербол білім беру сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістерді қолдану жөнінде коучинг сабағын жүргізді. Бұл сабақ қатысушылардың педагогикалық шеберлігін дамытуға бағытталған тиімді және мазмұнды жұмысымен ерекшеленді.
2. Имантаева Айбат Конысбаевна мен Қадырберді Мөлдір Ахметқызының өткізген тренингі қатысушыларға нақты психологиялық ахуалдар ұсынылып, оларды білім беру процесінде қолдану жолдары түсіндірілді.

Жас мамандар инновациялық әдістер мен құралдарды меңгеру мүмкіндігіне ие болып, кәсіби деңгейлерін көтеруге бағытталған маңызды білім мен тәжірибе жинады. Бұл іс-шара жас педагогтердің жаңа әдістемелерді қолданудағы сенімділігін арттырып, олардың болашақта сапалы білім беруге қосатын үлестерін нығайта түсетіні сөзсіз. Осындай бастамалар білім беру саласындағы тәжірибе алмасуды дамытуға және жас педагогтердің кәсіби өсуіне зор ықпал етеді.

Просмотров: 37


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст