Астрахан ауылының №1 ЖОББМ" КММ-нің 11 «ә» сынып оқушыларымен "Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі" атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік: Оқушыларға Қазақстан халқының моноэтникалық өзгеруі және өзгеру үзірістерін түсіндіру. Полиэтникалық құрамға қалай өзгергені туралы мағлұмат беру.
2.Дамытушылық: Қазақстан халқының этникалық және әлеуметтік саяси үдірістерінің бүгінгі Егемен еліміздің тарихындағы алатын орнын айқындау.
3.Тәрбиелік: Отаншылдыққа елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында жаңаша технологиялар, сыни-тұрғысынан ойлау, АКТ технологиялары қолданылды. Балалармен жеке, жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс және кері байланыс әрекеттері толығымен қамтылды.
Өткізген тарих пәнінің мұғалімі: Мөлдіргүл Ерланқызы