Текст
“Мейірімділік” атты дөңгелек үстел мектепте ерекше бір жылы атмосферада өтті. Іс-шара оқушылардың бір-біріне жылы сөздер айтып, мейірімділіктің маңызын түсінуден басталды. Дөңгелек үстел барысында екі кішкентай ерекше балалардың өмірі туралы әсерлі видео көрсетілді, бұл оқушыларды терең ойға қалдырды. Кейінгі пікірталас мейірімділік жайлы ой-толғау және сұрақ-жауап форматында өтті, оқушылар өз өмірлерінен мысалдармен бөлісіп, жанашырлықтың қандай маңызды екенін түсіндірді. Іс-шара соңында “Жүректен-жүрекке” атты тренинг ұйымдастырылып, оқушылар өз достарына жүрекжарды тілектерін арнады.
Ұйымдастырушылар: Касымова Д.К ,Имантаева А.К , Олжабек П, Қадырберді М.А