Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылында ББЖМ өткізу жоспарланған. Осыған байланысты педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар «Баланы емтиханға психологиялық тұрғыдан қалай дайындау керек» тақырыбында ата-аналардың психологиялық білімін кеңейту; баланың емтиханға психологиялық дайындығы туралы ата-аналарға кеңес беру; ата-аналарға баланы емтиханға дайындау тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беру; балаға алдағы емтихандармен байланысты психологиялық қиындықтарды жеңуге көмектесу мақсатында ата-аналар мен мұғалімдер үшін семинар өткізді.
Семинар барысында ата-аналар мен мұғалімдер ББЖМ сұрақтарын ашық талдап , тренингтер арқылы ББЖМ ның жағымды және жағымсыз жақтарын анықтап, өз ойларымен бөлісті.