Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықпен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді. ЕЫҚҰ-ның жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, бір адамның көптеген бюллетендерді тастау, тәуелсіз бақылаушыларды санау процесіне араластырмау секілді фактілер тіркелген. ЕЫҚҰ сайлау нәтижесінің әділ екендігіне кепіл бере алмайтынын жеткізкен. Сонымен бірге, 9 және 10 маусым күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында сайлау нәтижелеріне наразылық танытқан 1000-ға жуық адамды полиция қамауға алған.
іс-қимылдар бағдарламасы әзірленді және теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдердің Алматы декларациясы қабылданды.
Қ-Ж.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының он сессиясының жұмысына белсене атсалысқан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңестерінің Төрағасы болып сайланған, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангіне ие.
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президенті болып сайланған.
2011 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Тоқаевты Бас хатшының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы Бөлімшесінің Бас Директоры және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Қарусыздандыру жөніндегі конференциядағы жеке өкілі етіп тағайындау туралы шешімін жария етті. Сонымен қатар, ол Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын иеленеді. Ол БҰҰ-ның Швейцариядағы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлға болып табылады. 2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы болып сайланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев - саяси ғылымдар докторы. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітап пен бірқатар мақалалардың авторы. Ол Бүкіәлемдік гуманитарлық және жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясы «Даналар» кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (ҚХР), Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және докторы әрі оның Қамқорлық кеңесінің мүшесі, Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесінің Құрметті президенті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы, Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің Құрметті деканы. Ол ҚР СІМ Нәзір Төреқұлов және РФ СІМ А.Горчаков атындағы естелік медальдарымен, Женева Университетінің «Академикус» грамотасымен, сондай-ақ, С.Н.Рерих атындағы естелік медалімен марапатталған. Орыс Биографиялық қоғамы Қ. Тоқаевты "Жыл адамы - 2018" лауреаттарының тізіміне енгізген.
Саяси көзқарасы
Қазақстанның саяси құрылымына қатысты көзқарасы: «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беруші Үкімет» (2014 жылғы 24 қарашада Астанада өткен парламенттік конференцияда мәлімдеген).
2016 жылғы 29 сәуірде Сенатта өткен тыңдауларда Қазақстандағы жерді жалға беру мен сату жөнінде Жер кодексіне енгізілген даулы түзетулерге қатысты мәлімдемесінен: «Бұл орайда, жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы туралы айтып қана қоймай, аталған талапты түрлі қитұрқы жолдармен «айналып өткісі келетіндерге» тосқауыл қою үшін заңның осы ережесін құқықтық тәсілдермен іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы, Мемлекет басшысының жердің ұлттық юрисдикциясы мен жерді тиімді әрі ұтымды пайдалану туралы талабын міндетті түрде орындау қажет».
Қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесіне қатысты 2017 жылғы 22 қыркүйекте өткен парламенттік тыңдауларда былай деген болатын: «Біздің алдымызда стратегиялық маңызы жоғары міндет - латын әліпбиіне көшу мәселесі тұр. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – бұл жаһандық ғылым мен білім жүйесіне ықпалдасу үшін жасалған қадам әрі рухани тұтастығымыздың кепілі болып табылады. Бұл жұмысты біз ойластыра отырып, сатылы және жинақы түрде жасауымыз керек. Бірақ ұзаққа созудың да қажеті жоқ. Ең бастысы – біздің қателесуге құқығымыз жоқ».
2019 жылы 20 желтоқсанда Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында келесі қадамдарды қамтитын саяси реформалар топтамасын заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды: Митингілер өткізу жөнінде алдын ала хабарлау қағидатын бекіту; Саси партиялар құру кезіндегі кедергілерді жою; Партиялық сайлау тізімдеріндегі жастарға және әйелдерге 30 пайыздық міндетті квота енгізу; Парламенттік оппозиция қалыптастыру үшін жағдай жасау. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрлігін Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің Екінші қосымша хаттамасына қосылу жұмысын қолға алуды тапсырды. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын гуманизациялау ("әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тайпалық және діни алауыздық тудыру") және Қылмыстық кодекстің 130-бабын ("Жала жабу") декриминизациялау туралы мәлімдеді. Соңғысы Әкімшілік кодекске ауыстырылады. Сонымен қатар, Президент ҰҚСК отырысында жерді ұтымды пайдалануға, мемлекеттік құрылымдардың айқын әрі ашық жұмысын, бюджет үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмек беру тетіктерін жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар қабылданатынын жариялады.
2020 жылы 29 ақпанда Мемлекет басшысы «Информбюро» ақпараттық-талдау порталына берген сұхбатында Мұхтар Жәкішевтің тағдырына қатысты былай деді: «Бұл тек соттың құзыретіндегі мәселе. Әрине, мен Жәкішевтің өз денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөнінде бірнеше өтініш жасағанын білемін. 3 наурызда бірінші инстанция сотының отырысы өтеді. Соның шешімін күткеніміз жөн. Сот әділ шешім шығаратыны күмәнсіз». 2020 жылы 3 наурызда Семей қаласының соты 2009 жылдан бері түрмеде 14 жылдық мерзімін өтеп жатқан М.Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін қанағаттандырды.