«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі

22.04.2023
Тақырыбы: Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі Орындаған: Мектеп психологы: А.Т.Абдрахманова Жасөспірімдердің бейімделуі мен әлеуметтендірілуі. Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес.(А.Н.Толстой) Мақсаты: Бала жанын түсіну, сезімін, көңіл-күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін сезіну; Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыда қолдау. Әлеуметтендіру дегеніміз не? Белгілі бір себептермен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез-құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалыбына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу. Әлеуметтендіру дегеніміз — сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұқсан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі. Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білім, білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекеттерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі. Әлеуметтену дегеніміз не?Әлеуметтену- адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Ал , біздің, әлеуметтік педагогтардың мақсатымыз — оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан-дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру болады. Бұл процестер тәрбиелеу, білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Әлеуметтену процесінде екі мәселе шешіледі: 1. Әлеуметтік бейімделу- жеке адамның ортаға бейімделуі, барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
  • IMG_20230913_101529.jpg
  • IMG_20230913_101451.jpg
  • IMG_20230913_101509.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 13.09.2023 10:12
Құрылған күні: 13.09.2023 10:17

Текст