«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села  Астраханка отдела  образования  по Астраханскому району управления образования  Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-11 сынып оқушыларының қорытынды емтихан жұмыстары 2024-2025ж

19.06.2025

/public/files/2025/6/19/190625_235856_orytyndy-attesttau-dayyndy-emtihan-tapsyru-kestes-kezekshlk-2025gh.pdf

9–11 сынып оқушыларын қорытынды емтиханға дайындау туралы ақпарат

2024–2025 оқу жылында мектебімізде 9 және 11 сынып оқушыларын қорытынды емтиханға дайындау бағытында бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілді. Мақсат – балалардың емтиханға сенімді дайындалып, жақсы нәтижелер көрсетуіне жағдай жасау.
Оқу жылының басында әр пән мұғалімі өз жоспарын жасап, сол бойынша  жыл бойы жұмыс атқарды  Мектеп әкімшілігі тарапынан емтиханға түсініктеме беру, қандай тапсырмалар болатынын таныстыру жұмыстар ерте жүргізілді. Қосымша сабақтар мен дайындық курстары өткізілді. Бұл сабақтарда оқушылар емтихан тапсырмаларына ұқсас жаттығуларды орындап, өз білімдерін тексерді. Аптасына бір-екі рет сынама тесттер мен бақылау жұмыстары алынды. Мұғалімдер нәтижеге қарап, қай оқушыға қандай көмек қажет екенін анықтап отырды. Оқушылар топпен де, жеке де дайындалды. Қолдауды көбірек қажет ететін балалармен жеке жұмыс жүргізілді.
Психологиялық қолдау:
Емтихан алдында балалар уайымдамасын деп, психолог арнайы кездесулер мен тренингтер өткізді. «Қалай дұрыс дайындалуға болады?», «Қобалжуды қалай жеңуге болады?» деген тақырыптарда пайдалы кеңестер берілді. Мұғалімдер де әрдайым оқушыларға сенім білдіріп, мотивация беріп отырды.
Ата-аналармен байланыс:
Ата-аналарға емтиханның қалай өтетіні, бағалау тәртібі түсіндірілді.
Үнемі байланыста болып, әр оқушының дайындығы туралы ата-аналарға хабарланып отырды.
Ата-аналар да балаларына қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істеуге тырысты.
Қорытынды
Осы дайындық жұмыстарының нәтижесінде оқушылар емтихан тапсырмаларын жақсы түсінді, өздеріне сенімді бола түсті. Көптеген оқушы жауапкершілікпен қарап, уақытты дұрыс пайдалануды, ойланып жауап беруді үйренді.

Жалпы алғанда, қорытынды емтиханға дайындық жақсы деңгейде өтті. Енді оқушылардың өз білімі мен еңбегінің жемісін көруге тілектеспіз.

  • фото 1.jpg
  • фото.jpg
  • фото.jpg
  • фото.jpg
  • фото.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст